Тоқаев Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысын тағайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаевтың өкімдерімен бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінне хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;
Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне;
Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне;
Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.