Тоқаев Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мәңгі тарихта қалдыру үшін Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды.
«Біздің ұлы замандасымыз - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін келесі жолмен мәңгі тарихта қалдыру қажет деп санаймын. Елордамызға біздің президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан деп аталуы тиіс. Бұндай ұсыныс бұрын да парламентарий, парламент депутаттары тарапынан айтылғанын атап өткім келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған қоса, жаңа президент елордада Назарбаевқа арнап монумент орнатуды және барлық облыстық қалалардың орталық көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді ұсынды.
Қымбат Елтайқызы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлихан Смайылов Қытайда бірқатар кездесу өткізді
Өзгелердің жаңалығы