Тоқаев Ашхабадта өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанның 11 күні Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Түрікменстан Республикасына барады.
Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады. Бұл туралы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына жазды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, қазанның оны күні Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барады.
"Онда қазақ әдебиетінің абызы, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады", - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда МӘМС қорына төлем енгізуде көш бастап тұр
Өзгелердің жаңалығы