«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Тоқаевқа сәттілік тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының бастамасымен құрылған «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдады.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында жазылған саяси бағытын қолдау арқылы Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына енуін қамтамасыз етеді деп сенеміз!
Қозғалысымыз қазақстандық мемлекеттілік негізінде жатқан берік құндылықтарды, ұлт бірлігін, этникааралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық теңдік пен тілдер үштұғырлығын, төзімділікті, сондай-ақ қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен мәдениетін қолдайды.
Сайлау өтті, қорытынды шықты, осындай шараларды бітіргеннен кейін нақты жұмыс істейтін уақыт келеді. Жаңа сайланған президент ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлының айқын да анық жоспарлары бар, соларды абыроймен, сапалы жүзеге асырады деп сенеміз!
Еліміздің дамуына арналған ісінде сәттілік тілейміз!», - делінген құттықтауда.