Мәжіліс төрағасы ТМД ПА бақылаушыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында Ильяс Магомед-Саламович Умаханов бастаған ТМД Парламентаралық Ассамблеясы байқаушыларымен кездесті.

Н. Нығматулин аталған ұйым өкілдерінің Қазақстандағы сайлауларға дәстүрлі түрде қатысып келе жатқанын жоғары бағалайтыны алға тарта келіп, біздің елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес, таза, ашық және әділ сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Бүгінде сайлау додасына оппозияциялық партияны қоса алғанда, әртүрлі саяси күштер атынан 7 кандидат қатысуда.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Ресей Қазақстаннның маңызды стратегиялық әріптесі, сенімді досы, тату көршісі.

Тараптардың айтуынша екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастарының арқасында Қазақстан және Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық әріптестік жоғары деңгейге жетті.

Алдағы уақытта да қос мемлекет интеграциялық бірлесітктер аясында ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге мүдделі.

Соның ішінде, парламентаралық ықпалдастықты күшейтудің маңыздылығы зор.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы