ТМД ойындары. Панарин үздік үштікке енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бадминтоншы ТМД елдерінің ойындарында жүлдегер атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұл күндері Ресейдің Қазан қаласында ТМД елдерінің ойындары өтіп жатыр.
Бүгін бадминтон бойынша өзара мықтылар анықталды. Нәтижесінде, жекелей сында қазақстандық Дмитрий Панарир күміс жүлдеге ие болды - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының спортшылары жұптық жарыста да жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, Дмитрий Панарин мен Шалагин Андрей жұбы ерлер арасындағы жұптық жарыстың қола жүлдесін қоржынға салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда қазақ-неміс орталығы ашылды
Өзгелердің жаңалығы