ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29-30 сәуірде Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2005 жылы қабылданған жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімін іске асыру шеңберінде өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов пен Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры таныстырды.
Кеңес отырысы барысында БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын және "ТМД жастар астанасы" мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру бойынша ТМД–ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, сондай-ақ пандемия жағдайында жастар саласындағы қызметті ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу өтті.
Өз кезегінде, А.Оралов өз сөзінде ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары шеңберінде 2021 жылға арналған жаңа бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды атап өтті. Бұл шаралар жастар саясаты саласындағы халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға бағытталған. Сондай – ақ, отырысқа қатысушылардың назарын пандемия кезеңінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының өзара іс-қимылының тиімді нысандарын дамытуға аударды.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруда жан-жақты табысты көмек көрсетіп келе жатқанын атап өткен жөн.
Отырыс қорытындысы бойынша Тараптар ТМД қызметінің 15 жылдығына арналған іс-шараларды талқылады, кеңестің күн тәртібінде тұрған жобаларды іске асыруды жалғастыруға уағдаласты және ТМД – ға қатысушы мемлекеттердегі жастар ұйымдарын ТДМ бойынша бағдарламаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастықты күшейтуге шақырды, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің негізгі міндеттері мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылы, екіжақты және көпжақты бірлескен жастар жобаларын іске асыру болып табылады. Кеңес құрамына 9 ел кіреді: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Молдова.