ТМД елдерінің 5 азаматына ел аумағына кіруіне тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәулік ішінде Павлодар облысында ТМД елдерінің бес азаматына ҚР аумағына кіруіне тыйым салынды, деп хабарлады ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Өңірде мемлекеттік шекараның төрт автокөлік өткізу пункттерінде азаматтардың ел аумағына келуіне мониторинг тәулік бойы жүргізіліп келеді.

Соңғы тәулікте шекарадан 234 адам өткен, оның ішінде 81 - жаяу жүргінші және 153 жүк көлігінің жүргізушісі. Анықтамасыз келген 3 қазақстандық карантиндік стационарға орналастырылған. Автокөлік өткізу пункттерінде өткен тәулік ішінде коронавиру жұқтырған адам тіркелген жоқ.

Сонымен қатар ТМД-ның бес азаматында: теріс нәтижелі ПТР анықтамалары болмауына байланысты үш Ресей азаматына және Қырғызстанның екі азаматына Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды.

Шектеулер шаралары енгізілген сәттен бастап облысқа 71 715 адам келді, оның ішінде 45 922 халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер және 25 793 жолаушы келген. 21 053 ПТР-тексеру жүргізілді, симптомсыз коронавирустық инфекцияның 142 енгізілген жағдайы анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы