9 Қазан 2026, 16:02
Фото: Ақорда
ТМД елдері бірқатар құжатқа қол қойып, 2028-2029 жылдардың басымдықтарын белгіледі
Жиын қорытындысы бойынша ТМД қызметіне және Ұйымға мүше елдердің өзара ықпалдастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Достастыққа мүше елдер басшыларының шешімі бойынша 2028 жыл Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жыл ТМД аясындағы көлік байланысы жылы болып жарияланды.