ТМД елдері арасында тұтынушылар мен өндірушілердің құқықтарын қорғайтын келісім жасалды – Ақерке Ахметова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТМД елдері арасында тұтынушылар мен өндірушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған келісімге қол қойылды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова хабарлады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Тəуелсіз мемлекттер достастығына қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу жəне жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды, – деп мәлімдеді ол.
Ақерке Ахметованың айтуынша, меморандум ТМД елдері өндірушілерінің құқығын қорғау мақсатында жасалды.
Келісім тұтынушылар мен өндірушілерді қорғауға бағытталған. ТМД елдері тауардың шығарылған жері мен өндірушісіне қатысты жаңылыстыратын өнімді өндіру мен өткізуге қарсы күрес мəселелері бойынша ынтымақтасатын болады, – деп атап өтті вице-министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде тауар таңбалары мен тауар шығарылған жердің атауын тіркеу рəсімі жеңілдетілді – Әділет вице-министрі
Келесі жаңалық
Миланда XXV Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды
Өзгелердің жаңалығы