ТМД елдері арасында кеден қызметтерін реттейтін заң қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатының отырысында "1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақсатық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қабылданды.

Бұл халықаралық шарт ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің өзара іс-қимыл тәртібін реттейді.

Келісімге қол қойылғаннан бері 20 жылдан астам уақыт өтті. Аталған келісім нормаларын тиісті өзгерістер енгізу жолымен жетілдіру қажет. Хаттама ТМД-ның кеден саласындағы нормативтік-құқықтық базасына жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен бірлесіп әзірленді. Халықаралық хаттамаға сәйкес мәліметтерді беру, сұрау салулардың нысаны мен мазмұны, сұрау салуды орындау, алынған ақпаратты пайдалану мәселелеріне қатысты бірқатар баптарға өзгерістер енгізу ұсынылады, - деді Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов.

Заң жобасында орталық кеден органдарының да, тікелей аумақтық кеден органдарының да арасында ақпарат алмасу жүзеге асырылатынын көздейтін ережелер бар.  

Халықаралық құжаттарда 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімде көптеген сілтемелер жасалмағанын ескере отырып, оны пайдалануын қолайлы ету мақсатында қаралып отырған хаттамаға қосымша жаңа редакциядағы келісім қоса берілді. Заң жобасын қабылдау кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралына кеден бақылауын қамтамасыз етуге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден органдары қызметін үйлестіру мен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, кеден заңнамасын бұзу тәуекелдерін барынша азайтуға, кеден операцияларын жасауды жетілдіруге ықпал етеді, - деді Қаржы министрінің бірінші орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы