ТМД-дағы ең тыныш мемлекет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ТМД елдері арасында бейбітшілік рейтингінде бірінші орын алады. Біздің республика қауіпсіздігі жоғары мемлекеттер тізіміне еніп, 163-тің 70-орнын алды.
Бұл туралы Президент Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Ведомство басшысы “Global Peace Index” жаһандық бейбітшілік индексі ішкі қауіпсіздік деңгейі, әлеуметтік тұрақтылық, қоғамдық тәртіп сияқты көрсеткіштерді бағалайтын беделді рейтинг екенін атап өтті. Қазақстан осы параметрлер бойынша ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты, бұл – республиканың құқық қорғау жүйесінің жоғары деңгейінің дәлелі.
Жалпы, жаһандық деңгейде Бейбітшілік индексі (“peacefulness” сөзін “тыныштық” сөзімен де түсіндіруге болады) төртінші жыл қатарынан төмендеп келеді. 2020 жылы бұған көптеген елдерде экономикалық дағдарыстарды тудырған коронавирустық инфекцияның пандемиясы ықпал етті.
Зерттеушілер ішкі қауіпсіздік пен тұрақтылықтығы жоғары елдерде covid-19 пандемиясы сияқты қиындықтардың салдарын жеңуге үлкен мүмкіндік бар деп санайды. Карта бойынша Қазақстан Батыс Еуропаның көптеген елдері сияқты “жасыл” аймақта орналасқан.