ТМД байқаушылар миссиясы референдумға өз бағасын берді

Елордадағы №191 референдум учаскесінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының байқаушылар миссиясы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықаралық байқаушы Леонид Анфимов Қазақстанның шақыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының байқаушылар миссиясы АЭС бойынша республикалық референдумның дайындығы мен оны өткізу жұмысына мониторинг, бақылау жүргізетінін айтты.

Бүгінгі таңда 74 адам аккредитациядан өткен. Олар Әзербайжан, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, РФ, Тәжікстан, Өзбекстан. Кешеден бері осы елдерден байқаушылар қысқа мерзімге келе бастады. Біздің әріптестеріміз ұзақ мерзімді бақылаушылар ретінде жұмыс істеген кезде референдумды өткізу бойынша ОСК-мен кездесулер өткізген болатын. Референдумды өткізу бойынша орталық комиссия өте үлкен жұмысты атқарған. Референдум күні белгілі болғаннан бері бір ай бойы Қазақстанда қызметкерді оқытудан өткізу бойынша өте үлкен техникалық жұмыс жүргізілген, - деп айтты халықаралық байқаушы.

Ол атағандай, референдум комиссиялары мүшелерін оқыту, семинар-тренингтер өткізу және дауыс берушілер тізімін құру бойынша жұмыс тыңғылықты жүргізілген.

Бүгін халықаралық байқаушылар әртүрлі өңірлерге аттанды. ТМД байқаушылар миссиясының 74 байқаушысы Қазақстанның түкпір-түкпірін қамти алмаса да, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар ШЫҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылары бізбен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Осылайша біз республика бойынша референдум жұмысын толық қамти аламыз деп ойлаймын. Дәл қазірге дейін дауыс берушілермен, жергілікті байқаушылармен, референдум учаскелерінің комиссияларымен сөйлестік. Ең алдымен ішкі референдум байқаушылары объективті пікір білдіре алатын шығар деп ойлаймын. Себебі дауыс беру учаскелерінде не болып жатқанын көріп-біліп отырады. Дауыс беру жергілікті заңға сәйкес өткізіліп жатыр. Бұзушылықтар жоқ. Тәжірибемізге сәйкес, болмайды деп есептеймін. Қазақстандағы сайлау процестері бұған дейін де жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтіп, азаматтар өте белсенді қатысатын, - деп айтты халықаралық байқаушы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы