14 Қазан 2022 2022, 11:20
ТМД басшыларының отырысы басталды
Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысады.
Айта кетері, 7 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты.