ТМД басшыларының келесі отырысы 2023 жылы Бішкекте өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2023 жылдың 13 қазанында өтеді деп жоспарланған. Мұндай шешім ТМД саммитінде қабылданды.
Отырыс барысында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомоли Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.
Ротацияға сәйкес 2023 жылы ТМД-ға кеңес Қырғызстанға өтеді. Саммитте атқарушы хатшы Сергей Лебедев түсіндіргендей, алдағы жылы Қазақстан мен Молдова тең төрағалық етуі керек еді:
Алайда, Молдова Республикасы келесі жылы ТМД-ға тең төрағалық етуден бас тартуына байланысты (біз тиісті нота алдық), 2023 жылы Достастықта Қазақстан Республикасымен бірлесіп Ресей Федерациясына тең төрағалық ету ұсынылады, - деді ТМД Атқару комитетінің төрағасы.
Бұл шешімге Мемлекет басшылары қарсы болған жоқ.