ТМД басқа да елдермен жақындасуы тиіс – Смайылов

Бұл туралы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, ТМД Атқарушы комитеті басқа мемлекеттермен жақындасу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауы тиіс.

Биыл Қазақстан ТМД-ға төрағалық етеді. Төрағалығымызды іске асыру аясында әртүрлі бағыттардағы өзара іс-қимылды тереңдету бойынша практикалық жұмыс жүргізілді. Біз оны ТМД-да қалыптасқан сабақтастыққа және ұйымның негізгі құжаттарына сәйкес іске асырдық. Бірлескен жұмыстың қорытындысы нақты іс-шаралар кешенін іске асыра отырып, ТМД-ның барлық жарғылық және салалық органдарының отырысын өткізу болды, - деді Әлихан Смайылов.

Смайылов еліміздің төрағалығына көмек көрсеткен  Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасына алғыс білдірді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Достастық мемлекеттері басшылары кеңесінің жуырдағы отырысында жаңа институттар – ТМД байқаушысы және серіктесін құруға бастама жасады. Атқарушы комитет тараптармен бірлесіп, осы маңызды идеяны пысықтаумен айналысады. Бұл жұмыстың нәтижесі ТМД-ны басқа елдермен және халықаралық құрылымдармен жақындастыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау болуы тиіс, - деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы