Өткен жылы мемлекет бюджетінің ашықтық индексі 58 баллды құрады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылғы мемлекет бюджетінің ашықтық индексі 58 баллды құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда жоғары. Бұл туралы "INTEGRITY ASTANA" коммерциялық емес ұйымының директоры Жанат Нұрғалиев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, елімізде бюджет ашықтығы әлі де төмен. Бұл бағытта атқаратын жұмыс көп.

2019 жылғы мемлекет бюджетінің ашықтық индексі 58 баллды құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 53 баллды құраған, сондықтан бұл қазір жақсы көрсеткіш болып тұр. Бюджеттің ашықтығы бойынша тәуелсіз сарапшылар зерттеу жүргізіп отырады. Негізі 61 баллдан асқан кезде жоғары деңгей болып есептеледі. Әзірге біз ашықтық жағынан Ресейден, Грузиядан қалып келеміз. Сондықтан бұл бағытта әлі де атқаратын жұмыс көп, - дейді ол. 

Сонымен қатар, ол бюджет ашықтығы жөніндегі рейтинг сауал мен жауаптан және төрт кезеңнен тұратынын айтты. 

Бұл кезеңде жұртшылықтың қатысуы маңызды рөл атқарады. Бізде жұртшылықтың қатысуы 17 баллды құрайды.  Бұл төмен көрсеткіш. Мәселен, көрші Қырғызстанда бұл 34 баллды құрайды. Бізде бюджеттік бағдарламаның әкімшілері, министрлік бюджетті әзірлеу процесіне жұртшылықты көптеп тартпай отыр. Сондай-ақ, Парламент те, Мәжілісте де бюджет ашықтығы болу үшін жұртшылықты тартуы керек. Әзірге бізде ондай құбылыс байқалмайды. Мәселен, Қырғызстан Парламентінде бюджет жөніндегі тыңдалымға жұртшылы тарапынан сарпшылар қатысып, өз пікрлерін, ұсыныстарын білдіреді, - дейді Нұрғалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы