Өткен тәулікте індеттен 13 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15.08.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 194 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 109 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 457 науқас жатыр. 16 737 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 828 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді.

Жалпы науқастардың арасында 404 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 79 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады, - делінген таратылған ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы