29 Сәуір 2024, 08:53
Фото: Henry Aldridge & Son/Alamy
"Титаник" суға батқан соң табылған алтын сағат рекордтық бағаға сатылды
"Титаниктегі" ең бай адамның алтын қалта сағаты рекордтық 1,5 млн долларға сатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Титаниктегі" ең бай адамның алтын қалта сағаты рекордтық 1,5 млн долларға сатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Henry Aldridge & Son компаниясының мәліметінше, сағатты АҚШ-тың жеке коллекционері сатып алған.
Бәссауда өкілі сомаға сатып алушы төлеген салық пен барлық жинау бағасы қосылатынын мәлімдеді.
Сағаттың бастапқы қожайыны, бизнесмен Джон Джейкоб Астор 1912 жылы 47 жаста кемемен бірге батып кеткен болатын. Оның әйелі Мадлен құтқару қайығының арқасында тірі қалған.
"Титаник"-тегі құнды дүниеге қойылған ең жоғары баға бұған дейін кеме батып бара жатқанда ойналған скрипка үшін 1,3 млн долларды құраған. Аукционшылардың айтуынша, ол сол бәссауда үйінде 2013 жылы сатылған.
Бастапқыда алтын сағатты 125 мыңнан 188 мың долларға дейінгі бағада сату жоспарланған.
- Петропавлда жүк көлігі көпірден құлап кетті 15:05
- Тоқаев: «Реформалар елімізді өзгертсе, құндылықтар болашағын айқындайды» 14:53
- Салық түсімі неге жоспарға жетпеді? Үкімет түсіндірді 14:47
- 0% бөліп төлеу шынымен тегін бе: Аз төлемдер қалай үлкен шығынға айналады? 14:37
- Қазақстанда қанша ауқатты адам бар? Министр жауап берді 14:33
- Шетелдік пациенттер саны 300 мыңға жетуі мүмкін: Қазақстан медициналық туризмді дамытпақ 14:31
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңге: Такиев қарыз саясатын түсіндірді 14:19