Тісті қалай тегін емдетуге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тісіңізді тегін емдеткіңіз келе ме? Осы сұрақ көптеген адамды мазалайтыны анық. Бұл МӘМС арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Қандай жағдайда сақтандыру қоры, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ зейнеткерлерге арналған арнайы бағдарламамен тісіңізді ақы төлемей жөндете аласыз? Бұл сұрақтарға елорданың штаттан тыс бас стоматологы Жанар Әбуова жауап берген болатын.

МӘМС пакетімен қарастырылған стоматологиялық көмек тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана тиесілі емес. Жоспарлы стомкөмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге учаскелік терапевт-дәрігер немесе педиатрдың жолдамасы бойынша көрсетіледі. Ал шұғыл стоматологиялық көмекті қажет болған жағдайда азаматтардың 9 түрлі санаты ала алады.

✅ 18 жасқа дейінгі балалар;
✅ жүкті әйелдер;
✅ ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;
✅ I, II, III топтағы мүгедектер;
✅ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
✅ атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;
✅ жасы бойынша зейнеткерлер;
✅ инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар;
✅ ерекше назар аударуды талап ететін балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.

Төтенше жағдай деп қандай кезде айтуға болады?

✅ көбінесе стрептококктар немесе стафилококктар тудыратын - терінің, тері астындағы тіндердің жедел бактериялық флегмонус инфекциясы;
✅ абсцесс, фурункул, карбункул сияқты жақ-бет аймағының өткір одонтогентті емес қабынатын аурулары;
✅ остеомиелит;

✅ сыртқы қол жеткізуді талап ететін тісті жұлу;
✅ тек стационар жағдайында ғана көмек көрсетуге болатын басқа да жағдайлар.

Егер тексеруден кейін тіс дәрігері амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деп шешсе, ол пациентті емдеуден бас тартуға және оны жедел жәрдем арқылы ауруханаға жіберуге құқылы.

Науқастың өміріне қауіп төндіретін кенеттен болатын өткір аурулар мен созылмалы аурулардың өршуі кезінде шұғыл стоматологиялық көмек қажет. ⁠

✅ пульпит (жедел немесе созылмалылықтың қабынуы);
✅ периодонтит (жедел немесе созылмалылықтың қабынуы);
✅ жақ-бет жарақаты (мысалы, тістің шытынауы немесе сынуы);
✅ жақ-бет аймағының одонтогендік және одонтогендік емес қабыну ауруларының өршуі;
✅ стоматит;
✅ жедел ауырсыну жағдайларда;
✅ шұғыл хирургиялық араласуды қажет ететін емдеулер.

Жоспарлы көмекті тек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер ғана ала алатынын естеріңізге саламыз. Ол:


✅ анестезия;
✅ жақтың немесе тістің рентгенографиясы;
✅ химиялық қататын композитті материалдардан жасалған пломбаны препараттау және салу;
✅ қарапайым және күрделі тісті жұлу.


Пациенттердің аталған санаттары үшін МӘМС пакетімен қандай көмек тегін көрсетіледі?

✅ анестезия;
✅ жақ немесе тіс рентгенографиясы;
✅ тісті жұлу;
✅ пломбаны препараттау және салу;
✅ периостотомия;
✅ пульпит, периодонтит, стоматиттің жедел түрлерін, альвеолитті емдеу;
✅ абсцесті ашу.

Сонымен қатар ортодонтиялық көмек туа біткен тіс-жақ жүйесінің патологияы бар балаларға көрсетіледі. Мұндай диагнозы бар балалар негізінен туғаннан бастап есепте тұрады. Оларға пластинка дәне обтуратор түрінде де көмек беріледі.

Жанар Әбуованың айтуынша, шұғыл жағдайда көмек көрсету жүйесінде бір кедергі бар, ол – емханадан жолдаманың талап етілуі. Стоматолог бұл артық деп есептейтінін алға тартты.

Пациенттер тіс ауырғанына ұзақ уақыт шыдап жүре беруі мүмкін. Шұғыл стоматологиялық көмек жолдамасыз көрсетілуі тиіс. Бірақ өкінішке қарай, МӘмС бізден пациенттерді қатаң түрде тек жолдамамен ғана қабылдауымызды талап етеді. Пациентті қабылдағаннан кейін жолдама жіберулері үшін емханаға хабарласуға тура келеді. Жағдайдан осылай шығып жүрміз. Осы заң мүлдем дұрыс емес. Көптеген пациенттер учаскелік дәрігерге хабарласып, электрондық жолдама жіберулерін өтінеді. Науқас бізге келген кезде біз ол жолдаманы базадан көре аламыз, - деді бас штаттан тыс стоматолог.

Зейнеткерлерге арналған бағдарлама

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі тісті тегін протездеу бағдарламасын енгізген. Тендерді ұтып алған стоматология пациенттерге жазба жүргізілетінін жариялайды. Одан соң елордалық зейнеткерлер аталған көмекті тегін алуға мүмкіндік бар. Бірақ астанада тұрақты тіркеуде және елордалық Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында тіркелген болуы шарт.
Биыл 3 мың адамды қабылдауға орын бөлінді. Тіркелу Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы жүргізіледі. Көмекті екі жылда бір рет алуға болады, - деп түсіндірді Жанар Әбуова.

Ескеретін жайт, тек елорда тұрғындары ғана емес, қазақстандықтардың барлығында кез келген стоматологияға барып, зейнетақы жинағының есебінен импланттау мен протездеу қызметін алуға мүмкіндік бар.

Емханаға барып, консультация алу керек. Ол жерде жұмыстың көлемін көрсетіп, қорытынды береді. Осы қорытындымен тіркелген емханаңызға барасыз. Емханада маманның қорытындысы негізінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы ұсынылады. Стоматологиялық емхананың анықтамасы мен келісімшартын сканерлеп, БЖЗҚ сайтына жүктеу қажет. Расталған соң қаражат стоматологияның есепшотына аударылады. Ақша түсе салысымен, пациентті ем жүргізуге шақырады, - деп отыр Нұр-Сұлтан қаласының штаттан тыс бас стоматологы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы