Тіс пастасының ішінен есірткі табылды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абақтыға кіргізбек болған тіс пастасынан күдікті зат табылды. Оқиға бүгін Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алды. Ерекше режимдегі мекеменің ережесін бұзғандар сәлем-сауқат арқылы жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған.

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында күдікті затты байқап, оны жіті тінту кезінде 2 тіс жуатын пастаның ішінен барлығы 8 пластикалық түтік тауып, олардың ішінде қою-қоңыр түсті, өсімдік тектес иісті зат бар екендігін анықтаған. Атаулы сәлемдеме бұрын сотты болған Ш. есімді азаматтан мекемедегі жазасын өтеушінің біріне жолданыпты. Қазіргі таңда сот-сараптамалық талдаудың қорытындысына сәйкес, күмәнді зат 17 грамм «гашиш» есірткісі екендігі анықталып отыр. Қылмыстық дерек бойынша оқиға орнына Тараз қалалық 1-ші полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, заңды бұзған азаматты ары қарай тиісті жазаға тарту үшін жұмыстар жүргізілуде, – дейді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі. 


 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы