Тіркелмеген дәрілік препарат сатқан 102 субъект анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Прәлиева елорда бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
Есепті кезеңде фармацевтикалық компаниялар қызметінің мониторинг нәтижелері бойынша 102 субъект тіркелмеген дәрілік препаратты сату және дәрі-дәрмектерге белгіленген шекті рұқсат етілген бағадан асыру фактілері бойынша жалпы сомасы 13 864 998 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.
Елорданың бас санитары егер халық тиісті талаптар мен ұсыныстарды елемеуді жалғастыра берсе, қатаң шектеу және карантин шараларын қайта енгізуге тура келетінін жеткізді.
Біз бірнеше рет халықты бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу туралы қарапайым талаптарды орындауға шақырып келеміз, бірақ бұл талаптар еленбейді және сақталмайды. Егер халық осы талаптар мен ұсыныстарды елемеуді жалғастыра берсе, сондай-ақ, жақын байланыс жасайтын адамдар туралы толық ақпарат бермесе, бұл байланысқан адамдар арасында жағдайларды тіркеудің қайта өсуіне және жалпы қала бойынша КВИ ауруының өршуіне әкелуі мүмкін. Біз белгілі бір қызмет түрлерін тоқтата отырып, қатаң шектеу және карантин шараларын қайта енгізуге мәжбүр боламыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада банк карталарымен жолақыны төлеу жүйесі іске қосылды
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы