"Тәуелсіздік тірегім – соғып тұрған жүрегім!" мерекелік іс-шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегім – соғып тұрған жүрегім!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуында рәсімдік топтың сүймелдеуімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көтеріліп, мемлекеттік Гимн орындалды.

Арнайы ұйымдастырылған іс-шараның І-бөлімінде мерекеге орай полицияның қызметін мінсіз, әрі адал атқарған қызметкерлер марапатталды.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция капитаны М.Н. Ахынов ІІ-дәрежелі «Ішкі icтep органдарының үздігі» төсбелгісімен, полиция старшинасы Р.С. Мыжымов «Құрмет грамотасымен» сыйланды.

Бұдан бөлек жеке құрамның елеулі еңбектерін бағалау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының құзырымен 10 қызметкер гармотамен, 10 қызметкер алғыс хатпен, 10 қызметкер бағалы сыйлықтармен көтермеленді.

Ал, МКҚБ бастығының бұйрығымен 16 қызметкер грамотамен, 13 қызметкер алғыс хатпен, ал 9 қызметкерге алғыс жарияланып, 1 қызметкердің тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын шешілді.

Іс-шара барысында барлығы 71 қызметкер марапатталды және марапат иелеріне салтанатты түрде табысталды.

Сонымен қатар МКҚБ-да ұзақ жылдар қызмет атқарып, құрметті демалысқа шыққан полиция капитаны С.Б. Мұрзатаевты зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі ұйымдастырылып, сый-сияпат көрсетілді.

Мерекелік шараның ІІ-бөлімі концерттік бағдарламаға ұласты.


Мерекелік шараның ІІІ-бөлімінде барлық жеке құрамға және іс-шара қонақтарына ата-бабамыз армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында сонау «Жоңғар шапқыншылығынан» бастау алған және бүгінгі бейбіт өмірге дейінгі тарихтан сыр шертетін «Қазақстан Тәуелсідік жолында» атты хроникалық-деректі фильм көрсетілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы