Тимур Турлов: «SUPER BOL» жобасына бірнеше миллион доллар жұмсалды
«SUPER BOL» спорттық реалити-шоуын ұйымдастырушылар жобаның 2-ші маусымы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде 2022 жылы бүкіл жастарға футбол іріктеулері өтіп, «SUPER BOL» жобасы өткен болатын. Биыл спорттық реалити-шоу жалғасып, Қазақстанның 14 қаласында тағы да өткізіледі. Осыған орай жоба демеушісі Freedom Holding бас атқарушы директоры Тимур Турлов реалити-шоудың бюджетіне тоқталды.
Жоба шығынына тоқталсақ, бірнеше миллион доллар кетті. Шын айтайын, қазір нақты бюджетті де айта алмаймын, себебі есімде жоқ. Жобаның әр тұсын жан-жақты қарастырып, бәрін ескеруге тырысқанымызды да айта кетейін. Мен үшін ақшаның тиімді пайдаланылғаны өте маңызды, - деді бизнесмен.
Оның айтуынша, бұл бірінші кезекте әлеуметтік жоба.
Мен үшін бұл жоба өңірлердегі жас талантарға берілген мүмкіндік. Олардың арман-мақсаты кәсіби қабілетінен артып түсіп жатады. Олардың футболға деген махабаты бізді жігерлендіреді, күш береді. Қатысушылардың барлығы кәсіби футболшы болып кетпесе де, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтына бет бұрады, - деді Тимур Турлов.
Айта кетейік, «SUPER BOL» жобасының алғашқы кастингі 2023 жылғы 4 мамырда Ақтау қаласынан басталады. Кастингке 16 жастан 24 жасқа дейін қыз-жігіттер қатыса алады. Финалға өткендер кәсіби футбол клубтарымен келісімшарт жасауға мүмкіндік алдаы.