Бүгiн 2026, 17:19 Фото: ©BAQ.KZ

Тимур Турлов: «Астана» футбол клубын сатып алуды жоспарлаған жоқпын

Бұған дейін БАҚ-та оны клубты сатып алуы мүмкін басты үміткер деп атаған.

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов BAQ.KZ сайтына берген эксклюзивті сұхбатында «Астана» футбол клубын сатып алу мүмкіндігін қарастырды-мыс деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Бұған дейін БАҚ беттерінде оның клубты сатып алуға негізгі үміткерлердің бірі болғаны, алайда инфрақұрылымдық мәселелерге, атап айтқанда, елордада футбол академиясын салу үшін жер телімін алудағы қиындықтарға байланысты мәміледен бас тартқаны хабарланған еді.

Турлов 2025 жылдың соңында қарағандылық «Шахтер» футбол клубын сатып алды.

Біз елордалық клубты сатып алу мәселесін мүлдем байыпты түрде қарастырған жоқпыз, - деді Турлов.

Ол футбол жобасын Қарағандыда дамыту туралы шешім ертерек - футбол клубтарын жекешелендіру тақырыбы белсенді талқылана бастағанға дейін қабылданғанын атап өтті.

Біз академияны Қарағандыда салу туралы шешімді футбол клубтарын жекешелендіруді талқылау "сәнге" айналмай тұрып қабылдағандықтан, бізде ешқандай балама болған жоқ. Біз басқа нұсқаларды қарастырмадық. Сондықтан бастапқыда дәл осыған (ФК «Шахтер» - ред. ескертпесі) ниетті болдық. Мен бұл жағдай академия құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін болады деп ойлағанмын, бірақ бәрі ертерек орын алды, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандының "Шахтёр" футбол клубы жекенің қолына өткені хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Қарағанды облысында футбол ойнап жүрген бала саусағынан айырыла жаздады

Ямаль, Кубарси және Сәтпаев: Қазақстандық футболшы әлемдік элитаның тізіміне кірді

Шымкентте футболшылар төбелесіп, екі ойыншы ауруханаға түсті