Тілін шығарған судьяға қатысты шешім қабылданды
Шымкентте Судья әдебі жөніндегі комиссия қылмыстық соттың төрағасы Әбінұр Қарабаевқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылы 18 тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша процесс барысында судья Әбінұр Қарабаев журналистке тілін шығарған. Аталған жайтты назарға алған қалалық сот судьяның әрекеті арнайы комиссия қарайтынын мәлімдеген.
Судья әдебі жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын ҚР Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына қарауға жолдау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағымдануға құқылы, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, судья Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша өткен сот отырысында тілін шығарған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ӘЧ: Нұрбек Оралбай мен Сағындық Тоғамбай жарысты аяқтады
Өзгелердің жаңалығы