Тілеуберді Қытай сыртқы істер министрімен қандай мәселелерді талқылағанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.

Қытай Сыртқы істер министрі Ван Идің Қазақстанға ресми сапармен Қазақстанға келді. Оның аясында екі министр Сыртқы істер министрлігінде БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Жаңа ғана әріптесім министр Ван Имен өзара тиімді әрі пайдалы келіссөздер өткіздік. Оның қорытындысы елдердің екіжақты қарым-қатынасына жаңа серпін беріп, достықты одан әрі найғайтатын мүмкіндіктерге негіз болып отыр. ҚХР - Қазақстанның мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптесі және достас мемлекет. Оның үстіне бұл сапар елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жылдығы аясында өтіп жатыр,- деді Тілеуберді.

Министр Қытайдың сыртқы істер министрімен екі ел арасындағы саяси,сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың бүгінгі ахуалы мен дамуының әлеуетін талқылағанын айтты.

Қазақстан мен Қытай бір-бірін халықаралық аренадағы бастамаларын қолдап келеді. Бұл екіжақты және көпжақты  өзара іс-қимылды дамытуға қолайлы  жағдай жасайды. Мемлекет басшылары арасындағы жақын әрі сенімді қарым-қатынас орнатылған. Саяси диалог жоғары деңгейде өтеді,- деді министр.

Сапар аясында Қытай сыртқы істер министрінің  Мемлекет басшысының қабылдауында болып, Орталық Азия-Қытай форматындағы Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысуы жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы