Тілепов: Үкіметтік емес ұйымдардың аларынан берері көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «AntikorLive» жобасы аясында өткен онлайн брифингте айтты.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті өте зор. Бұл ұйымдардың заң шығару, стратегиялық мәселелерге қатысты үлесі көп. Біздің министрліктің бір де бір нормативтік-құқықтық акті үкіметтік емес ұйымдарының қатысуынсыз әзірленбейді. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдардың аларынан берері көп, - деді ол.
Вице-министр мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы да айтып берді.
Біздің министрлікке мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселесіне қатысты көп сын айтылады. Себебі біздің елімізде 20 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым болса, оның көп бөлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен жұмыс істеуге бейімдірек. Әлеуметтік тапсырыс байқауынан ұтылып қалған ұйымдар бар. Жалпы байқау ережелеріне көңіл толмайтындар бар. Бұл мәселенің барлығын біз білеміз. Жүйелі түрде алып қарайтын болсақ, бізде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тек электронды форматта өтеді, - деді ол.
Тілепов айтып өткендей, гранттық қаржыландыру бойынша жобалар тамыздан бастап барлық ҮЕҰ ұсыныстары бойынша әзірленеді.
Заңнама бойынша да ұсыныстар қабылданып жатыр. ҮЕҰ қызметтері әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Оның барлығын мемлекеттік әлеуметтік заң аясында енгізу көзделген. Ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол.Айта кетейік, «AntikorLive» жобасы аясында өткен онлайн брифингте ақпарат министрлігі жемқорлықпен қалай күресіп жатқаны туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамалары үшін арнайы грант бөлінетіні айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы