Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары атанды

Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 3 маусымнан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Тілеген Ақанұлы Әбішев 1977 жылы туған. Білімі жоғары.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде "Тележурналистика" мамандығын, 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "заңгер" мамандығын иеленген. 

"Іскерлік басқару" магистрі. Әр жылдары "Астана", "Хабар 24", "Atameken Business Channel" телеарналарында еңбек еткен. 

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "Н.Назарбаев әуежайы" АҚ баспасөз қызметтерін басқарған. 

2020 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені құрылымдарында еңбек етіп келді. 

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін ҚР Президентінің телерадиокешені директорының орынбасары қызметін атқарды. 

"Ерен еңбегі үшін" медалі мен "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің иегері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы