Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – Қазақстан халқының рухани байлығы» атты онлайн-конференция өткізді.
Конференция жұмысына ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының басшылары қатысты.Іс-шараның мақсаты – тілдік мәдениет пен жалпы адами рухани құндылықтар принциптеріне негізделген қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайту және дамыту.
Онлайн-конференция барысында қатысушылар Қазақстанда тілдерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан этностарының тілі мен мәдениеті дамуының негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балаева «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесті
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы