«Тіл-аузым тасқа». Ноғаев Маңғыстаудағы жем-шөптің тапшылығы жайлы айтты
Биыл Маңғыстау өңірінде мал азығы жеткілікті ме? Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі «Маңғыстау облысы табиғи су қоры сақталмайтын аймақ екені белгілі. Былтыр жем-шөптің жетіспеушілігінен өңір тұрғындарының біразының малы қырылып қалды. Енді мұны алдын алу үшін қандай шаралар қабылдадыңыздар?» деп сұрады.
Әкімнің айтуынша, өткен жылы мал қырылмаған.
Былтыр жақсы жағдай жасалды, біз алаңсыз өттік. Оның (автор- жем- шөп тапшылығы)алдыңғы жылдары болды. Осы жағдайдың алдын алу үшін біз жем мен шөптің 98 пайызын қамтамасыз еттік. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына іссапармен келгенде ҚТЖ-ға тапсырма берген болатын. Президент биылғы жылдың бірінші қыркүйегінен 31 жетоқсанға дейінгі аралықта басқа өңірлерден келетін азықтың бағасын арзандату жөнінде тапсырма берді. Осы рұқсаттың арқасында өңірге 2568 тонна жем-шөп келді, - деді әкім ОКҚ-да өткен брифингте.
Ноғаевтың айтуынша, биыл өңірде жаңбыр жақсы жауған және дайын керек жем-шөпте әкелінген.
Тіл-аузым тасқа. Жақсы өтеміз деп отырмыз, - деді Маңғыстау облысының әкімі.