28 Ақпан 2023 2023, 13:05
Тікұшақ апаты: оқиға орнына зауыт өкілдері барды
Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ құлаған апат орнына зауыт өкілдері барды, деп хабарлайды BAQ.KZ turkystan.kz сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ құлаған апат орнына зауыт өкілдері барды, деп хабарлайды BAQ.KZ turkystan.kz сілтеме жасап.
«МИ-8» әуе көлігін шығарған ресейлік кәсіпорын қызметкерлері де тергеуге қатысады.
Қазір оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, 23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым жерде Ми-8 АМТ тікұшағы қатты екпінмен қонған. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру үшін ұшқан.