Колумбияда тікұшақ апатқа ұшырап, 6 әскери қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе кемесі апатқа ұшыраған кезде бортта экипаждың 6 мүшесі болды: екі офицер және 4 унтер-офицер, деп хабарлады Корреспондент.net.

Колумбияның Альбан муниципалитетінде мемлекеттің әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа түсті. Қайғылы оқиға салдарынан 6 адам қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша қаза болғандардың барлығы әуе кемесінің мүшелері болған. 

Әскери ведомствоның мәліметінше, тікұшақ ұшуға жарамды болған, бұрын ақауы анықталмаған. Бұған дейін мемлекет басшысы аталмыш бортпен бірнеше рет ұшқан. Сондай-ақ, 2017 жылы Рим папасы Франциск Колумбияға сапары барысында дәл осы тікұшақпен ұшқан болатын.

"Әуе кемесі Кундинамарк департаментіндегі Паланкеро әуе базасынан ұшқаннан кейін ғайып болған. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы