Тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты
Пәкістанның Гилгит-Балтистан аймағында тікұшақ құлап, борттағы бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Oxu.Az-ға сілтеме жасап.
Алынған мәліметке сәйкес, әуе көлігінде екі ұшқыш пен үш техникалық маман болған.
Тікұшақ апаты салдарынан бес адам қаза тапты, – деді жергілікті билік өкілі.
Оның айтуынша, тікұшақ сынақтық қону кезінде апатқа ұшыраған, оған әуе көлігінің техникалық ақауы себеп болған. Сондай-ақ, тікұшақ Пәкістан армиясына тиесілі екені атап өтілді.
Сонымен қатар, тағы бір дереккөзге сүйенсек, Пәкістанның Гилгит-Балтистан өңірінде үкіметтік тікұшақ қонуға әрекет жасаған сәтте апатқа ұшыраған. Бұл туралы Oxu.Az пәкістандық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.
Үкіметтің ресми өкілі Файзулла Фарактың айтуынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Тікұшақ апатты қонуды орындамақ болғанымен, кейін құлап түскен.
Бортта екі ұшқыш пен екі техникалық қызметкер болған. Экипаждың жағдайы мен құрбандарға қатысты ақпарат нақтыланып жатыр.
Гилгит-Балтистанның бас министрі құтқару операциясын жүргізу және апаттың мән-жайын анықтау үшін жедел қызметтерге оқиға орнына баруды тапсырды.