7 Қараша 2026, 21:21
Фото: istockphoto.com
TikTok желісіндегі тікелей эфирде балағат сөз айтқан азамат 10 тәулікке қамалды
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бүгін, 7 қарашада Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады.
Іс материалдарына сәйкес, азамат TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.
Сотта оның кінәсі іс материалдарымен және бейнежазбамен дәлелденді. Кінәсін мойындауы мен құқық бұзушылықты алғаш рет жасауы жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілді.
Нәтижесінде азамат ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасына кесілді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.