TikTok үшін тәуекел: Ақтөбеде көлік төбесінде "шоу" көрсеткендер жауапқа тартылды
Ақтөбеде TikTok үшін жүріп бара жатқан көліктің үстіне шығып видео түсіргендер жазаланды.
Ақтөбеде көліктің төбесіне шығып, видео түсіргендер жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13 сәуірде Ақтөбе қаласы Тәуелсіздік даңғылы бойында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді.
TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазбада “Hyundai Tucson” маркалы автокөліктің жолаушысы көлік қозғалысы кезінде оның төбесіне шығып алғаны көрінеді.
Аталған әрекет жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады және қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Мұндай жағдайлар ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жастар арасында әлеуметтік желіде танымал болу мақсатында қауіпті әрекеттерге бару жиілеп отыр. Алайда мұндай “хайп” үшін тәуекел ету орны толмас салдарға әкелуі мүмкін екенін ескеру қажет. Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызмет атқарып қана қоймай, әлеуметтік желілерге де тұрақты мониторинг жүргізеді. Нәтижесінде құқық бұзушылықтар дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылдануда. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушылар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беремін деген тиктокер ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
TikTok 2025 жылы Қазақстанда 5,5 миллионнан астам бейнероликті бұғаттады
TikTok-тағы тұзақ: Шымкентте үлгерімдерін жақсартпақ болған студенттер алаяқтарға алданды
Алматыда жасөспірімдер мектептегі төбелестерді видеоға түсіріп, TikTok-қа жүктеген