TikTok-та "жылдам табыс" уәдесіне сенген тұрғын 2 миллион теңгесін жоғалтты

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тұрғыны оңай ақша табамын деп алаяқтардың құрбаны болды. Telegram мессенджерінде ол TikTok-та видеоларды қарап және лайк қойып отырғаны үшін әр скриншотқа 300-800 теңге табамын деп алданып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жылдам табыс уәдесіне сенген ер адам "администратордың" нұсқауы бойынша белгісіз сайтқа тіркеліп, тапсырмаларды орындау және фильмдер сатып алу ұсыныстарын қабылдаған. Алаяқтар салынған қаражат 30% пайда әкеледі деп сендірген. Ер адам көрсетілген банктік шоттарға "фильм сатып алу" үшін ақша аударған. Алаяқтар оның сенімін пайдаланып, 2 миллион теңгені иеленген, - деп жазылған Ақтөбе облысының ПД хабарламасында.  

Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында “тегін сыйлықтар” алып, миллиондаған несиеге тап болған тұрғындар туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы