TikTok-та диван сатқан әйел сотталып кетті
Әйел жиһазды TikTok арқылы сатып, алаяқтық жасағаны үшін сотталды.
Жамбыл ауданында TikTok-та диван сатқан әйел сотталып кетті.
Жамбыл аудандық соты ақпараттық жүйені пайдалана отырып алаяқтық жасағаны үшін айыпталған әйелге қатысты қылмыстық істі қарады.
2026 жылдың сәуірінде сотталушы өзін сатушы ретінде көрсете отырып, TikTok әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялаған.
Жәбірленуші акция бойынша 60 мың теңге тұратын диванға қызығушылық танытып, хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірімен байланысқа шыққан.
Диванға алдын ала төлем жасау сылтауымен сотталушы сатып алушыны 25 мың теңгені басқа біреудің шотына аударуға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін жиһаз жеткізілмеген және сатушымен байланыс үзілген. Алданып қалғанын түсінген әйел полицияға жүгінген.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, келтірілген залалды өз еркімен өтеген.
Жәбірленуші материалдық зиянның өтелгенін растап, заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.
Сот сотталушы бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын және жазасын өтеу кезеңінде тиісті қорытынды жасамай, ұқсас жаңа қылмыс жасағанын ескерді.
Сот үкімімен әйел ҚК 190-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған үкімдердің жиынтығы бойынша 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін туған әкесін үйінен шығарғысы келген қыздың әрекеті сотта қаралды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Әнұран мәтінінен қате табылды: Қазақстан соты мәлімдеме жасады
Әкелері қайтыс болғанын 4 айдан кейін естіген: Сот шетелдегі қыздардың мұрагерлік құқығын растады
Жамбыл облысында ер адам әйеліне телефон соққаны үшін 10 тәулікке қамалды
- Қосшыда жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр 21:50
- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20
- Қазақстан Көшпенділер ойындарында топ жарды: 55 медаль жеңіп алды 20:11
- Вэнс Иранға қарсы АҚШ-қа көмектесіп жатқан елдерді атап, күтпеген мәлімдеме жасады: Тізімде кімдер бар? 19:57