29 Қараша 2026, 23:55
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
TikTok-та балағат сөз айтқан жасөспірімге айыппұл салынды
Полиция өкілдері азаматтарды әлеуметтік желілерде де әдеп нормаларын сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.
Алматыда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан 17 жастағы қызға әкімшілік жаза қолданылды.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жасөспірімнің эфирдегі бейнежазбасын анықтаған. Осыған байланысты оның анасы Наурызбай аудандық полиция басқармасына шақырылды.
Анасының қатысуымен кәмелетке толмаған қызға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен жасөспірімге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция өкілдері азаматтарды әлеуметтік желілерде де әдеп нормаларын сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.