TikTok секілді алпауыт компаниялардың интерфейсі қазақшаланады - министр
Бұл жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі алтыншы рет өткізіліп жатқан Qazaq Forum отандық онлайн контент жасаушылардың форумында мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Жалпы алтыншы рет өтіп отырған қазақ тіліндегі онлайн контент жасаушылардың форумы мемлекеттік тілдің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқаны белгілі. Сонымен қатар қазіргі таңда жасанды интеллект, медианың жаңа түрлері секілді тақырыптар алға шығып отыр. Сондықтан тек тіліміздің дамуы емес, қазақтілді контент жасаушылардың да дамуына үлес қосып келе жатыр. Жалпы, формуның жоғары деңгейде өтуіне мүдделіміз және қолдаймыз., - деді Дархан Қыдырәлі.
Сонымен қатар министр «Қазпошта» акционерлік қоғамымен ақпарат саласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтті.
«Kaspi Bank»-пен де әріптестік байланыс орнатып, баспасөзге онлайн жазылу бойынша келісімге келдік. (қосымшада әзірге 18 басылым бар) Мұндай қадамдар жазылушыларға оңтайлы жолдар ұсынып, олардың қатарын артырады деген сенімдеміз, - деді ведомста басшысы.
Министр контентке деген сұраныс тек ішкі нарықта емес сыртқы нарыққа да артқан.
Қазақша сериалдарға деген сұраныс өте жоғары. Сол сияқты біз шетелдік алпауыт компаниялар, оның ішінде TikTok өз интерфейсін қазақшалады. Басқа да компанияларға қазақша интефейсін жасауға заң жүзінде талап етіп отырмыз, - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік осыған дейін Дархан Қыдырәлі қазақтілді контент сапасы артып келе жатқанын айтты.