TikTok, Газа және миграция: Трамп инаугурацияның алдында не деді?
АҚШ-тың президенті сайланған Дональд Трамп Вашингтондағы Capital One Arena кешенінде ұлықтау алдында бірнеше маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BCC-ге сілтеме жасап.
Біз жеңіске жеттік! – дейді Трамп сөз басында.
Ол жаңа әкімшілік Вашингтондағы "сәтсіздікке ұшыраған истеблишменттің билігін тоқтатып", "Американы қайтадан ұлы елге айналдыратынын" мәлімдеді.
Ертең (бүгін) 4 жылға созылған америкалық құлдырау дәуірі аяқталып, біз америкалық күш-қуат пен өркендеудің, абырой мен мақтаныштың мүлде жаңа тарауын бастаймыз. Мұның бәрін мәңгіге қайтарамыз, – дейді Трамп.
Сондай-ақ ол Америка шекарасындағы заңсыз мигранттардың "шабуылын" тоқтатуға уәде беріп, инаугурациялық сөзінде нақты шараларды жария ететінін айтты.
Трамп ұлықтауында халықты қатты қуантатын көптеген жарлықққа қол қоймақ.
Сондай-ақ Трамп Газадағы бітім туралы келісімге және TikTok әлеуметтік желісінің жағдайына тоқталып, Украинадағы соғысты тоқтатуға уәде берді, бірақ нақты қалай екенін түсіндірген жоқ.
Бұл келісім тек қараша айындағы тарихи жеңісіміздің нәтижесінде ғана мүмкін болып отыр, – деді ол Таяу Шығыстағы жағдай туралы.
Ол Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Виткоффқа келісімге қол жеткізудегі көмегі үшін алғыс білдірді.
Біз президент болмаған күннің өзінде олар төрт жыл бойы президентпен бірге жеткен жетістіктерден асып түстік, – деп мәлімдеді ол.
Президент TikTok әлеуметтік желісінің өзіне ұнайтынын айтып, кешеден бері қайта іске қосылғанын мәлім етті.
Бүгіннен бастап TikTok АҚШ-қа қайта оралады, – деді Трамп.