17 Қараша 2026, 23:27
Фото: Скриншот
TikTok эфирінде балағат сөз айтқан Семей тұрғыны айыппұл арқалады
Сот шешім қабылдау кезінде оның кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырғанын ескерген.
Семей қаласының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 83 мың теңге айыппұл салды.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында құқықбұзушылықты анықтап, тікелей эфирге қатысқан адамның жеке басын анықтады. Ол 38 жастағы Семей тұрғыны болып шықты.
Оқиға 14 қарашада болған. Ал 16 қарашада сот әйелге қатысты әкімшілік жаза тағайындады. Сот шешім қабылдау кезінде оның кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырғанын ескерген.
Полиция өкілдері «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ екенін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтауға шақырды.