Қарағандылықтар білім басқармасының қызметкерлеріне тікелей эфирде сұрақ қоя алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының білім бөлімі мен білім басқармасының қызметкерлері тікелей эфирде сұрақтарға жауап береді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды облысының Білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде қарағандылықтардың сұрақтарына жауап береді.
Білім басқармасы мен бөлім өкілдеріне @indigo_webline Instagram-аккаунтында тікелей эфирде сұрақтар қоюға болады. Тікелей эфир жұма, 8 қарашада өтеді.
Қала және облыс тұрғындарының сұрақтарына Қарағанды білім бөлімінің басшысы Гүлсім Қожахметова және жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі Наталья Головина жауап береді. Сұрақтарды 8 қарашада марафон–тікелей эфирдің жарияланымының астындағы комментарийлерде жазуға болады. Қалалық білім бөлімінің өкілдері білім саласына қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге уәде берді. Жәнеде мамандар қоятын сауалдарды алдын ала дайындауды, қысқа, толық және барынша түсінікті етіп тұжырымдауды сұрайды. Жауаптарды сала қызметкерлері жұмыс уақытында барынша жылдам қайтаратынына уәде береді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы