Бүгiн 2026, 15:09
Фото: pixabay
TikTok пен YouTube эфирі: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі шымкенттік 93 миллион теңге табыс тапқан
Заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырғаны үшін сотталды.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шымкенттің екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 93 миллион теңге табыс табуына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, сотталушылар Шымкент қаласының аумағында заңсыз құмар ойындар ұйымдастырып, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асырып, аса ірі мөлшерде табыс тапқан.
Олардың бірнеше дроперлердің есеп шоттарын пайдалану арқылы 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың маусымына дейінгі аралықта Шымкент қаласының аумағында «Тик Ток» және «YouTube» әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер арқылы «тринька» және «зарик» атауы бар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып 681 226 532 теңге (оның ішнде ұтқан адамдарға қайтарған ұтыс сомманы шегергенде өздеріне қалған 93 792 743 теңге) қылмыстық табысқа ие болғаны анықталған.
Сот сотталушылардың қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде, кінәларын ішінара мойындағанын, асырауында жасөспірім балаларының болуын ескерді. Іс бойынша олардың жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот, екі сотталушыны ҚК-нің 307-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, әр қайсысына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады, - деп жазылған Шымкент сотының хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.