Тиісті бұйрыққа қол қойдым – Дариға Назарбаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева палатаның жалпы отырысында ертеңгі күнге сеніммен қарап, бойымыздағы үрей мен күдіктен арылу қажет екенін айтты.
Өздеріңіз білесіздер, елде төтенше жағдай жарияланды. Бұл дер кезінде қабылданған әрі өте қажетті шара деп білемін. Осы қадамдарды жақсы түсінеміз. Бұған байланысты тиісті бұйрыққа қол қойдым. Төтенше жағдай кезінде іссапарға шығуға, көпшілік шаралар өткізуге тыйым салынғанын айтты. Бірақ заң шығару жұмысы жалғаса береді. Біз палата мен комитеттер отырысына шақырылатын қонақтардың санын мүмкіндігінше шектеуіміз керек. Қағаз жұмысының басым бөлігін қашықтықтан істеуге болады. Бұл үшін барлық техникалық мүмкіндіктер бар, - дейді Дариға Назарбаева.
Оның айтуынша, Сенат аппаратының 70-тен аса қызметкері үйден жұмыс істеп жатыр, ал қалғандары қысқартылған жұмыс күніне ауысты.
Сенат ғимаратында күніне бірнеше рет қажетті санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізіледі. Бізге ертеңгі күнге сеніммен қарап, бойымыздағы үрей мен күдіктен арылу қажет. Қазіргі таңда баршамыз бәрі жақсы болатыны туралы ойлап, жақсылықтан үміттенуіміз керек. Біз – талай сында шыныққан мықты халықпыз. Біз бәрін жеңеміз. Алдағы сенбі күні жарқын мерекеміз Наурыз келеді. Бұл – көктем мерекесі, жандану мен гүлдену мейрамы. Үміт пен жаңару мерекесі. Баршаңызға денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін! Наурыз бізге бұл жылы тек бақыт алып келсін, қайғы мен ауыртпалықтан арылайық!, - деді Сенат спикері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада кафе иелері жауапқа алынды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы