Тиімсіз жоспарланған қаражат бюджетке қайтарылып жатыр

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тиімсіз жоспарланған қаражат бюджетке қайтарылып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Карипова «Antikor live» жобасы аясында өткен брифингте айтты. 

Жоғары тәуекел аймағы ретінде мемлекеттік сатып алу саласына агенттік қызметкерлері күнделікті мониторинг жасайды. Бұл мемлекеттің ұтымсыз шығындарын болдырмау үшін жасалатын баға комплаенсы. Жоғары бағамен барлық жоспарлы сатып алулар камералдық талдауға жатады. Нысаналы мақсаты – Мемлекет басшысының «жаңа, үнемді және жауапты бюджет саясатын» әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау, - деді Карипова.  

Ол атағандай, «Атамекен» ҰКП қолдауымен біздің иелігімізде «Сатып алудың бірыңғай терезесі», «Өңір – МС» аналитикалық жүйелері бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тапсырыс берушілермен тікелей жұмыс істей отырып, ай сайын олардың проблемалық жоспарлы сатып алуларын түзетеді. Жоба басталғаннан бері шамамен 7,7 млрд теңге ұтымсыз шығындардың алды алынды, жоспарлау кезеңінде 1,5 мыңға жуық тапсырыс берушінің бюджеттері оңтайландырылды.Агенттіктің жекелеген аумақтық департаменттері тиімсіз жоспарланған қаражатты бюджетке қайтару бойынша жұмыс жүргізді. Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бастады. Челленджді БҚО және Ақтөбе облысы бойынша бөлімшелер жалғастырды. Бүгінде мәслихат шешімі арқылы бюджетке 755 млн теңге қайтарылды. Бұл белгіленген ұтымсыз шығындардың жалпы көлемінің 10%-ы, - деді ол. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы