Тиімді жобаларды жүзеге асыруға құлықты емес. Президент ЕЭА жұмысын сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. 

Экономиканы өркендету үшін қосымша қаражат қарастыру керек. Мен бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында бірқатар нақты міндет жүктедім. Ең алдымен бюджеттегі тиімсіз әрі шығыны көп жобаларды қысқартып, лодан түбегейлі бас тарту қажет. Еркін экономикалық аймақтардың көпшілігі инвестиция әкелу үшін тиімді бола алмады деп мен бірнеше рет айтқам, - деді Тоқаев. 

Президент бұл  0,5 трлн теңге салықтық ынталандыру пакетіне қарамастан осылай болғанын атады. 

Соңғы үш жылда ЕЭА-да өндірілген жалпы өнім ЖІӨ-нің 1,5 пайызын құрамайды. Экспорт 0,1 пайызды құрайды. Осы мәселені реттейтін кез келді. Жаңадан тағайындалған Индустрия министрі бұл түйіткілдің шешімін табуы керек, - деді Президент. 

Ол атап өткендей, ЕАЭ басшылығы пайдалы әрі тиімді жобаларды жүзеге асыруға құлықты емес. 

Олардың әкімшіліктерін тәртіпке шақырыңыздар. Үкіметке бір ай уақыт беремін. Заңға өзгеріс енгізуден басқа қажетті шараның барлығын қабылдаңыздар. Сырттан және іштен инвестор тартыңыздар, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы