Тигран Кеосаянға нон грата персонасы статусын беру процесі басталды - СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Кеосаянға «персона нон грата» статусын беру процесін бастады.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі ақпарат таратты.
Біз сол күні-ақ Кеосаянды елімізге келгенін қаламайтын тұлғалар тізіміне кіргізу процесін бастап кеттік. Дипломатиялық тәжірибеде мұндайды кейде қолданамыз», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бұған дейін ресейлік журналист Кеосаянның Қазақстанға кіруіне тыйым салынуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы