7 Қаңтар 2025 2025, 08:55
Фото: Х/YadavAditya01
Тибетте жойқын жер сілкінісі болды
Тибетте жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тибетте жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
BNO News таратқан мәліметке сүйенсек, магнитудасы 7,1-ге жеткен зілзала Шигадза қаласының маңында орын алған. Оқиға орнынан хабар таратқандардың мәліметінше, дүмпулер Непал, Үндістан, Бутан мен Бангладеште сезілген.
Қала тұрғындары қорыққаннан үйлерінен жүгіріп шыққан.
Ғимараттар қирап, кем дегенде тоғыз адамның қаза тапқаны айтылуда.