22 Қазан 2026, 23:14 Фото: unsplash.com

Тибетте қуатты жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінен кейін Қытайдың сейсмологиялық басқармасы төтенше жағдайға ден қоюдың екінші деңгейін жариялады.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сицзан автономиялық районында Нагчу қаласының Бакэн уезінде магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері бейсенбіде Бейжің уақытымен сағат 22:33-те тіркелді.

Қытай сейсмологиялық желілер орталығына (CENC) сілтеме жасай отырып, "Синьхуа" агенттігі жер сілкінісінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте, координаттары 32,40 градус солтүстік ендікте және 93,79 градус шығыс бойлықта болғанын хабарлайды.

Жер сілкінісінен кейін Қытайдың сейсмологиялық басқармасы төтенше жағдайға ден қоюдың екінші деңгейін жариялады.